Спорт

Көшпенділер ойыны: Жамбы атудан дайындық қалай өтіп жатыр

Алматы облысында жамбы атудан ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Ептілік пен мергендік қасиеттерін сынайтын ұлттық ойындардың бірі - жамбу ату. Дәл осы спорт түрінен Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық құрама додаға түседі. Қазір жігіттер дайындықтарын пысықтау мақсатында Алматы облысында арнайы оқу-жаттығу жиынынан өтіп жатыр.

Ұлттық құрама мүшесі Ералхан Айкөз дайындық жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Айта кетейік, Жамбы ату республикалық федерациясы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар, қауымдастық құрамына бәйге, көкпар, аударыспақ, садақ ату, құсбегілік, асық ату, теңге ілу, «JORYQ» және т.б. федерациялар кіреді.

-->

«Біз жыл басынан бері V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатырмыз. Бұл біз өткізетін оқу-жаттығу жиындарының үшінші кезеңі, алда тағы бір кезең бар. Жаттығу жиынына біздің ең мықты спортшыларымыздың 2 құрамы қатысады. Қазір біз 70-80%-ға дайынбыз, әлі де жұмыс істеу керек. Қазір біз жылқыларды спорттық дайындаумен де айналысамыз. Моңғолия, Араб елдері, Индонезия, Малайзия, Венгрия өкілдерін мықты қарсылас деп атай аламын», - дейді жамбы атудан ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Бадашев.

Ұлттық құрама мүшесі Ералхан Айкөз дайындық жоғары деңгейде екенін атап өтті.

«Біз күн сайын дайындаламыз, дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында лайықты өнер көрсетіп, еліміздің намысын қорғаймыз деп сенемін», - дейді Ералхан Айкөз.