Конференция лигасы: «Лозанна» мен «Астана» ойынын қайдан көруге болады
Бүгін «Астана» клубы Конференция лиганың үшінші іріктеу кезеңі аясында сыртта швейцариялық «Лозаннамен» ойнайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Лозанна» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 23:15-те басталады, оны Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, «Астана» еурокубок маусымында молдовалық «Зимбруды» 3:1 есебімен жеңсе, швейцариялық клуб солтүстікмакедониялық «Вардардан» 6:2 есебімен басым түсті.