Конференция лигасы: «Астана» бүгін «Лозанна» клубын қабылдайды
Бүгін елордалық «Астана» футбол клубы UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде өз алаңында Швейцарияның «Лозанна» командасын қабылдайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Швейцарияда өткен алғашқы матчта алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Астанада өтетін ойын жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Айта кетейік, аталған матчта Словениядан келген Мартин Матошиге бас төреші міндеті жүктелген. Оған отандастары Александар Касапович мен Матиц Межнар көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Денис Шабанагич болады.