Спорт

Конференция лигасы: Бүгін «Астана» командасы «Корвинулмен» кездеседі

Бүгін Алматыда «Астана» мен «Корвинул Хунедоара» арасында Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Өткен аптада Григорий Бабаян шәкірттері бірінші болып гол жіберіп алғанымен, ойынның екінші таймында Усман Камара және Джеффри Чинеду голының арқасында жеңісті жұлып алды. Демек «Астананың» келесі кезеңге өтуге тамаша мүмкіндігі бар.

Ал Румынияның вице-чемпионы «Астанамен» текетіреске дейін ел чемпионатындағы барлық кездесулерін кейінге қалдырды. Алғашқы кездесуде бұл қадам нәтиже бермеді. Қарымта кездесуде оның қалай болатынын көреміз.

Айта кетейік, бұған дейін қос клуб Еуропа кубогында кездеспеген.

Кездесу сағат 19:00-де басталып, «Ел арна» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

-->