Спорт

Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғызстанда өтеді. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Сіздермен жақсы жаңалықты бөліскім келеді. Қырғызстаннан бастау алған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы туған жерінде өтеді», — деді ол.

Айта кетейік, Қырғызстаннан елімізде өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 268 адамнан тұратын делегация қатысып жатыр.