Спорт

Қазақстандық теннисші Ұлыбританиядағы турнирде топ жарды

Теннисші Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда Путинцева үш брейк жасады – 6:1. Екіншісінде 2:0 есебімен алға кетті. Бірақ аустралиялық спортшы қарап қалмай, есепті 5:3-ке жеткізді.

Дегенмен Юлия таразы басын теңестіріп, тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).

Осылайша, Юлия алғаш рет көгал төсенішіндегі WTA жарысында топ жарды. Бұған дейін ол 2019 жылы Нюрнберг, 2022 жылы Будапешт додасында жеңімпаз атанған еді.

Айта кетейік, Ю.Путинцева енді Бад-Хомбург WTA 500 турнирінде бақ сынайды.

-->