Спорт

Қазақстан Паралимпиада ойындарының 21-ші лицензиясына ие болды

Халықаралық Паралимпиада комитетінің үш жақты бипарт комиссясының шешімімен қазақстандық параспортшы Севда Алиева Париж-2024 Паралимпиада ойындарының пара оқ атудан лицензия иегері атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Севда 10 метрлік P2 пневматикалық тапаншамен ату дисциплинасында өнер көрсетеді.

Пара оқ атудан бұл осымен Қазақстанның екінші лицензиясы. Бұдан бұрын осы спорт түрінде алғашқы лицензияны қазақстандық Еркін Ғаббасов әлем кубогінде пневматикалық мылтықпен атудан R1 дисциплинасында жеңіп алған болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Паралимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен 21 лицензия бар. Олардың ішінде: парапауэрлифтинг (5), пара жеңіл атлетика (3), паражүзу (4), волейболды отырып ойнау (1), пара үстел теннисі (1), паратаеквондо (3), параканоэ (2) және пара оқ ату (2).

Айта кетейік, XVII жазғы Париж-2024 Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыста 23 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы ойнатылады.

-->