Спорт

Канвон-2024: Керлинг шеберлері алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Керлингтен қысқы жасөспірімдер  Олимпиадасында бірінші рет өнер көрсеткен жерлестеріміз (Мерей Тастемір, Ибрагим Тастемір) топтық кезеңде ірі жеңіске қол жеткізді.

Аралас жұптық бәсеке 

Қазақстан – Италия 10:2

Ертең Астана уақыты бойынша 9:30-да құрамамыз шешуші ойынды Данияға қарсы өткізеді.

Бұған дейін отандастарымыз Аустрия, Германия, Швейцария командаларына есе жіберген болатын. 

Айта кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->