Спорт

Канвон-2024: 29 қаңтардағы жарыс нәтижесі қандай?

Мерей мен Ибрагим Тастеміровтер топтық кезеңде Швейцария құрамасына (Яна-Тамара Хахлен, Невио Каччивио) жол берді, деп хабарлады Elorda.info.

Осыдан кейін шаңғымен жарыста Қазақстан атлеттерінен жақсы нәтижені Берік Боранбаев көрсетті. Ол спринтте іріктеуден сүрінбей өтіп, ширек финалдан ары аса алмады. Әубәкір Тотанов 37-ші сатыға тұрақтады (3:18.78). Қыздар арасында Виолетта Митропольская 33-ші (3:50.35), Милана Мамедова 56-орыннан көрінді (4:13.16). 

Спринтте қыздар арасында Эльза Тенгландер (Швеция, 3:33.98) топ жарса, Кайса Йоханнсон (Швеция, 3:33.98) екінші, Нейли-Лотта Карпеллин (Финляндия, 3:34.46) үшінші сатыға жайғасты. Ұлдарда Федерико Поцци (Италия, 3:16.27) алтыннан алқа тақты. Күміс Элиас Мохта (Германия, 3:16.60), үздік үштікті Тэйбор Гринберг (АҚШ, 3:17.33) түйіндеді.

Ертең шаңғымен 7,5 шақырымға жарыс (классикалық жүріспен) өтеді. Спортшылар Астана уақытымен 8:00-де (ұлдар) және 10:30-де (қыздар) шығады. Ал кёрлингтен Қазақстан мен Италия ойыны 15:00-де басталады. Жасөспірімдер Олимпиадасы 2 ақпанда мәресіне жетеді.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алған болатын.

-->