Спорт

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының гонорары белгілі болды

Астанада 6 сәуір күні өткен бокс кешінде өнер көрсеткен орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) чемпиондық белбеуін қорғап қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Sport Salaries-тің мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлының бұл жекпе-жегі үшін  500 мың доллар алған. Алайда ақылы трансляцияны сатудан түскен қаражатқа байланысты оның кірісі 3,5 миллион долларға (шамамен 1,785 миллиард теңге) дейін артуы мүмкін.

Ал оның қарсыласы Анауэль Нгамиссенгенікі 350 мың долларды құраған. Бұл сома өсуі де мүмкін.