Көркем гимнастикадан Астана қаласының біріншілігі басталды
Елордада көркем гимнастикадан кіші разрядтар арасында қала біріншілігі басталды деп, хабарлады Elorda info.
Бүгін Medipol спорт кешенінде кіші разрядтар арасындағы іріктеу кезеңі басталды. Сайыс барысында ең үздік деп танылған жас спортшылар бірінші разрядтар арасында өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Біріншілікте еліміздің 4 өңірінен атап айтсақ, Қарағанды облысы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 200-ден астам жас гимнасшы сынға түсіп жатыр.
Оның айтуынша биылғы жыл көркем гимнастика үшін жауапты болған көрінеді.
Жарыс 31 тамызға дейін жалғасады.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Бүгін Medipol спорт кешенінде кіші разрядтар арасындағы іріктеу кезеңі басталды. Сайыс барысында ең үздік деп танылған жас спортшылар бірінші разрядтар арасында өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Біріншілікте еліміздің 4 өңірінен атап айтсақ, Қарағанды облысы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 200-ден астам жас гимнасшы сынға түсіп жатыр.
Бұл біріншілік ел чемпионатына іріктеу ретінде өткізіледі. 3 күннің аралығында спортшылардың арасындағы тартыс қызу өтеді. Дәл қазір Астана қаласында 13 көркем гимнастика мектебі бар. Осы орайда Астана атынан сынға түсетін қыздарымыз жаз бойы демалмай, Конституция күніне тұспа-тұс келген жарыста жоғары орындарға таласатыны анық. Статистикаға тоқталсақ, бүгінде елордамызда 3000 аса жан көркем гимнастикамен тұрақты түрде айналысады. Оның ішінде 13 жеке мектеп, 1 балалар-жасөспірімдер Олимпиадалық даярлау мектебі бар. Осы сандардан елімізде көркем гимнастика қарқынды дамып жатқанын аңғаруға болады,-дейді Астана қаласы көркем гимнастика Федерациясының президенті Сайранбек Әбілқайыр.
Оның айтуынша биылғы жыл көркем гимнастика үшін жауапты болған көрінеді.
Себебі, жасөспірімдер, ересектер арасындағы әлем чемпионаты, Азия біріншілігі, жазғы Универсиада, ТМД ойындары өтті. Оның ішінде 38 мемлекет қатысқан Азия біріншілігінде қыздарымыз мүмкін болған барлық жүлдені алды. Ал Испаниядағы ересектер әлем чемпионатында Эрика Жайлауова (Астана қ.) 19-орынға жайғасса, Эльжана Таниева (Шымкент қ.) 26-орынға тұрақтады. Өкінішке қарай, Эрика Жайлауоваға Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін, 0,5 ұпай ғана жетпей қалды. Дегенмен, алдағы іріктеу кезеңдерінде әлі үміт бар - деді ол.
Жарыс 31 тамызға дейін жалғасады.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ