Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
Күрес түрлері бойынша әлем чемпионаты 21-27 қазанда Албанияның Тирана қаласында өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Olympic.kz мәліметінше, қыздар командасының аға жаттықтырушысы Қуаныш Жақсыбай құраманы жасақтау кезінде ел чемпионаты, Азия біріншілігі секілді додалардың қорытындыларын есепке алған. Әйелдер күресінен U23 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы:
50 келі: Л. Ғаниқызы
53 келі: З. Баянова
55 келі: А. Әшімова
57 келі: Ш. Өмірбек
59 келі: Г. Бекеш
62 келі: Т. Дубек
65 келі: Г. Өсербай
68 келі: Б. Сейдуәлі
72 келі: А. Панасович
76 келі: А. Ертөстік
Аталған балуандардың қазіргі уақытта әлемдік додаға қызу дайындықтары жүріп жатыр.