Спорт

Күрес: Ел чемпионатында астаналық 48 балуан бақ сынайды

Ұлттық біріншілікке еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген балуандар өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиеваның сөзінше, айтулы бәсекеде 50-ге тарта елордалық бозкілем шеберлері қатысады. 

Астана қаласы бойынша еркін күрестен аға жаттықтырушы Асқар Абдрашов елімізде өтетін айтулы бәсекеге қатысатын балуандардың есімдерін айтты. 

Астаналық бұрымды бозкілем шеберлерінің дайындығы жайлы әйелдер күресінен ҚР құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев та айтып берді. 

859ff12a-0f62-4d19-9cdc-4fd3a5d0b25c.jpg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ел біріншілігінің нәтижесінен кейін Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Стамбұлда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынайтын балуандар есімі белгілі болмақ.

Айта кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының кестесі:

1 ақпан – грек-рим күресі – 55, 63, 72, 82 және 97 келі;

2 ақпан – грек-рим күресі – 60, 67, 77, 87 және 130 келі;

3 ақпан – әйелдер күресі – 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72 және 76 келі;

4 ақпан – еркін күрес – 57, 65, 74, 86 және 92 келі;

5 ақпан – еркін күрес – 61, 70, 79, 97 және 125 келі.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->

Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиеваның сөзінше, айтулы бәсекеде 50-ге тарта елордалық бозкілем шеберлері қатысады. 

Астанада 1-5 ақпан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтпек. Ел біріншілігіне Астана қаласы атынан 48 балуан қатысады. Олардың 20-сы еркін күрестің балуандары болса, әйелдер күресінен сегіз қызымыз қатыспақ. Ал грек-рим күресінен 20 балуан сынға түседі. Жарыстың ашылу салтанаты 1 ақпан сағат 17:30-да өтеді. Ал балуандардың белдесуі күн сайын Астана уақытымен 10:30-да басталса, III және I орындар үшін сайыстар күн сайын 18:00-де өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін. Сондай-ақ Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, - деді ол. 

Астана қаласы бойынша еркін күрестен аға жаттықтырушы Асқар Абдрашов елімізде өтетін айтулы бәсекеге қатысатын балуандардың есімдерін айтты. 

Ертең басталатын додаға алдыңғы жылы күрес түрлерінен өткен Қазақстан Спартакиадасында топ жарған балуандар қатысады. Атап айтқанда еркін күрестен әлем чемпионатының жеңімпазы, еркін күрестен қазақстандық балуан, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Нұрлан Бекжанов, еркін күрестен Азия чемпионы Санжар Досжанов, Азамат Өміржанов, Бекзат Үркімбай, Абзал Окенов, Омархан Надиров, Нұрғали Нұрғайыпұлы сынды еркін күрес шеберлері қала намысын қорғайтын болады, - деді А.Абдрашов.

Астаналық бұрымды бозкілем шеберлерінің дайындығы жайлы әйелдер күресінен ҚР құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев та айтып берді. 

Әйелдер күресінен ел чемпионатына Астана қаласының сегіз балуаны қатысады деп күтілуде. Олар – елімізге танымал апалы-сіңлілі Бақбергеновалар. Яғни, 68 келі салмақтағы Мадина және 76 келідегі Жәмила қыздарымыз. Сондай-ақ, Светлана Анкишева (50 кг), 55 келідегі Дина Кузнецова, 53 салмақтағы Жұлдыз Ишимова, 57 келідегі Эмма Тищина, 59 келідегі Диана Каюмова және 76 келіде сынға түсетін Гүлмарал Еркебаева. Фавориттердің қатарына Мадина мен Жәмила Бақбергенова, Диана Каюмованы қосар едім. Ал біршама үзілістен соң, Жұлдыз Ишимова қайта жүлдеге таласатын болады. Жалпы дайындық жақсы. Қазiргi уақытта талапты жас спортшылар өсiп келедi. Мен ұлттық құрамаға әр жарыс сайын айтып отырамын «Кез келген жарыста соңғы белдесу сияқты күресiңдер!» деп. Өйткені спортшы жеңiске құштар болып, сол құштарлығы көзiнде тұруы керек. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді демекші. Балуандарымыз кешегi жеңiлiстердi ұмытып, өздерiне деген сенiмдi барынша арттыруы керек. Қазақстан чемпионатында жүлделі орындардан көріну үшін қыздарымыз қызу дайындық үстінде, - дейді бапкер. 