Спорт

Көкпарда чемпион атанған құрама қанша сыйақы алады

«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Қарлығаш Рамазанова 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бойынша өз пікірімен бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көкпар спортында чемпион атанған құрама 10 млн теңге, 2-орынға 6 млн теңге, 3-орынға 4 млн теңге сыйақы беріледі. Одан бөлек, Көкпар федерациясының президенті Бауыржан Исабаев егер Қазақстан спортшылары көкпарда жеңіске жетсе, әр шабандоз бен 3 жаттықтырушыға 5 млн теңге қосымша жүлде береді. Көк бөру спортында 12 спортшы мен 3 жаттықтырушыға 10 млн теңгеден жүлде тағайындалды.

Көшпенділер ойыны алдында 21 спорт түрі бойынша міндеттеме алынған болатын. Жоспарда жалпы 101 медаль алуымыз керек. Оның 41-і алтын. Қазіргі сәтте қоржынымызда 27 алтын бар. Мысалы, аударыспақтан 4 алтын күтілсе де, 5 алтынға қол жеткіздік.

Көшпенділер ойынында арқан тартыс және алыптар сайысы бірінші рет енгізілді. Нәтижесінде алыптар бәсекесінде Азамат Мақұлбеков чемпион атанса, арқан тартыста 2 күміс иелендік.