Спорт

Көкпар: Бас төреші не деді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпар спортындағы жайтқа байланысты бас төреші Тастанбек Есентаев өз ойымен бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Көкпардағы ереже бұзылған сәтті 10 мәрте қарадық. Ойынның ішінде қамшымен ұрдық дегенді көрмедік. Бірақ бұл жайт ойыннан тыс уақытта болды. Қырғыздардың басты талабы - біздің ойыншыны қызыл қағазбен шеттету еді. Бірақ біздің ережеде ондай көрсетілмегендіктен, 2 минут алаңнан шығардық. Ары қарай бәсеке таза өтті деп ойлаймын. Екі команда да мықты. Төрешілер тарапынан ешқандай өрескел қателік болмады. Барлығын халық көрді. Дұрыс шешім қабылданды. Наразылық марапаттау сәтінде де жалғасып, қырғыз көкпаршылары мерзімінен бұрын кетіп қалды. Бұл - мәдениетсіздік. Осындай жайттар үшін міндетті түрде шара қолданылады. Қырғыз көкпаршылары 2-3 жылға шеттетіледі немесе ақшалай айыппұл салынады. Нақтысын қазір айта алмаймын», - деді бас төреші.

Айта кетейік, кеше ең көп 11 мың жанкүйер жиналған көкпар бәсекесінің финалында Қазақстан құрамасы тартысты кездесуде Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңген болатын.