Испаниядағы турнирде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Қазақстандық теннисшілер Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин Севилья (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымында өзара кездеседі, деп хабарлады Elorda.info.
Әлемнің 129-ыншы, осы жарыстың 6-ракеткасы Т.Скатов бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 269-орында тұрған Польша өкілі Даниэль Михальскиден 6:1, 5:7, 6:3 есебімен басым түсті.
Әлемнің 242-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте 741-сатыдағы испаниялық, 21 жастағы Диего Аугусто Баррето Санчеспен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
-->Әлемнің 129-ыншы, осы жарыстың 6-ракеткасы Т.Скатов бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 269-орында тұрған Польша өкілі Даниэль Михальскиден 6:1, 5:7, 6:3 есебімен басым түсті.