Инклюзияны қолдау кабинетінің пайдасы тиді – әлем чемпионының анасы
Әлем чемпионы Дастан Ордабайдың велоспортта үлкен жетістіктерге жетуіне инклюзияны қолдау кабинеттерінің пайдасы тиген. Бұл туралы спортшының анасы Светлана Ордабай айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Ол – 2-8 қаңтар аралығында Аустралия елінде өткен Virtus Cycling World Series-2024 жарысының 2 дүркін жеңімпазы. Бұл жарысқа жерлесіміз ii-3 (зердесі зақымдалған) санатттағы жасөспірімдер арасында 18,8 км қашықтықтағы жеке жарыста уақытқа (Time trial) және 5,5 км қашықтықта критериумге (Criterium) қатысты. Нәтижесінде ол қос сайыста да қарсылас шақ келтірмеді. Сол жеңістің арқасында Дастан Ордабай елімізде және Азия құрлығында топ жарған алғашқы спортшы атағына қол жеткізді.
Анасының айтуынша, Дастан бала кезінен спортқа қызығушылық танытқан. Ол – өте еңбекқор бала.
Спортшыға 4 жасында «аутизм» диагнозы қойылған.
Ол баласының өз уақытын сабақ және спорт деп екіге бөліп қойғанын айтады. Дастан велоспортпен шұғылданумен ғана шектелмейді екен
Бос уақытында анасы мен ұлы киноға барғанды ұнатады.
Спортшы 2023 жылдың маусым айында Францияның Виши қаласында өткен интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған VI Дүниежүзілік VIRTUS ойындарына қатысты. Айтулы бәсекеде велотректен төрт бірдей қашықтықта сынға түскен ол ел қоржынына 4 күміс медаль салған болатын.
Сөз соңында Светлана Ордабай өз арманын айтты.
-->

Ұлым қазір – 16 жаста. Астанадағы жалпы білім беретін мектептердің біріндегі инклюзияны қолдау кабинетінде оқиды. Ондай кабинетке барғанның ұлыма көп пайдасы тиді. Мұнда ол қатарластарымен араласады, солармен уақытты пайдалы өткізеді, - дейді Светлана Ордабай.
Анасының айтуынша, Дастан бала кезінен спортқа қызығушылық танытқан. Ол – өте еңбекқор бала.
Оқумен қатар балам спортпен шұғылданады. Ол велосипед тепкенді бала кезінен ұнатты. Өздеріңізге мәлім, Астанада қыс мезгілі – өте ұзақ. Дала – аяз. Сондықтан көшеде велосипед тебу оңай емес. Содан баламды 10 жасында велоспорт секциясына бердім. Сол уақыттан бастап ол арнайы жаттықтырушымен дайындалады, - деді спортшының анасы.
Спортшыға 4 жасында «аутизм» диагнозы қойылған.
Балада түсінік қалыптаспаған. Оған сөздердің мағынасын түсіну қиынға соғады. Оған 4 жасында мәскеулік дәрігерлер «аутизм» диагнозын қойған. Сол уақытта мамандар маған «ол мектепте бара алмайды, өз бетімен ештеңе істей алмайды. Сондықтан сізге баланың қасында 24/7 болуыңыз керек» деп айтқан. Иә, оған қойылған диагноз қорқынышты еді. Бірақ біз соған қарамастан көптеген кедергіден өттік. Қазіргі кезде спортшы балам ел мақтанышына айналды, - деді анасы.
Ол баласының өз уақытын сабақ және спорт деп екіге бөліп қойғанын айтады. Дастан велоспортпен шұғылданумен ғана шектелмейді екен
Ол күн сайын таңнан түске дейін мектепте сабақ оқиды. Ал түстен кейін спортпен шұғылданады. Ұлым – жан-жақты бала. Расын айтсам, оған спорттың барлық түрі ұнайды. Қазір ұлым үлкен тенниспен, суда жүзумен және жеңіл атлетикамен айналысады, - деді Әлем чемпионының анасы.
Бос уақытында анасы мен ұлы киноға барғанды ұнатады.
Менің ойымша, баланың қай салаға қызығушылығы мен бейімі болса, соған қарай бағыттау қажет. Мәселен, спорт туралы айтатын болсам, мұнда ешқандай шектеу жоқ. Бұл салада кез келген адам жетістікке жете алады. . Өйткені спорт адамадарды біріктіреді, - деді Светлана Ордабай.
Спортшы 2023 жылдың маусым айында Францияның Виши қаласында өткен интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған VI Дүниежүзілік VIRTUS ойындарына қатысты. Айтулы бәсекеде велотректен төрт бірдей қашықтықта сынға түскен ол ел қоржынына 4 күміс медаль салған болатын.
VI Дүниежүзілік VIRTUS ойындарына барған кезде мен мықты рухты сезіндім. Сол жердің аурасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіпті мен кез келген адам үшін кедергілер қорқынышты емес екенін байқадым. Қазір ұлым велоспорт бойынша әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Бұл күзде Еуропада өтеді, - деді ол.
Сөз соңында Светлана Ордабай өз арманын айтты.
Менің бір арманым бар. Еліміздің дене, көз, интеллектуалды және есту кемшіліктері бар әр бала өзінің ұнатқан ісімен айналысса екен. Бастысы бізді мемлекет әрдайым қолдап отырса деген тілегім бар. Ал балама қатысты айтар болсам, бастысы ол бақытты болғанын қалаймын, - деп сөзін түйіндеді Светлана Ордабай.