ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Трактор» командасымен кездеседі
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 31 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазірге дейін командалар 58 мәрте шеберлік байқасты. Оның 29-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің біреуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті.
Турнир кестесінде «Барыс» 19 ұпаймен 16-орынға жайғасса, «Трактор» 23 ұпаймен 13-орында келеді.
Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 3 қарашада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізсе, одан кейін 5 қарашада «Салават Юлаев» (Уфа), 7 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург), 9 қарашада «Металлург» (Магнитогорск) клубтарымен шеберлік байқасады.