Спорт

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан екінші ойында жеңіске жетті

Астаналық команда Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Металлург» командасымен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz

Ойынның нәтижесі бойынша Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Барыс» сапында Максим Мұхаметов пен Кирилл Панюков шайба соғып, көзге түсті.

Осылайша осы маусымдағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Осының алдында «Сочиді» жеңген (6:3) еді.

Айта кетейік, «Барыс» келесі матчын 22 қараша күні «Амурға» қарсы өткізеді.