Хайме Мунгия Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды
Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) кезекті рет Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) айқасқысы келетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Vesti.kz сайтының жазуынша, боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы мүмкін еді. Алайда ол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалықтың мұндай айқасқа дайын еместігін айтып, жекпе-жекке рұқсат бермеген.
-->Vesti.kz сайтының жазуынша, боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы мүмкін еді. Алайда ол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалықтың мұндай айқасқа дайын еместігін айтып, жекпе-жекке рұқсат бермеген.
Үнемі Головкин мен Чарло сияқты мықтыларды көздеп келеміз. Жекпе-жектер біздің бақылауымыздан тыс жағдайларға байланысты өтпей қалды. Чарло рингке екі жыл шықпады, бірақ әлі чемпион. Алдағы жоспары қандай екенін білмеймін, алайда онымен айқасуға дайынмын. Ал Головкинмен жекпе-жек бойынша хабарластық, дегенмен сол күйі жауап болмады. Қазір ол демалыс рахатын көріп жатқан сияқты, – дейді Мунгия.