Спорт

Грэпплингтен әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Бүгін Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында грэпплингтен әлем чемпионатының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz

Ресми іс-шараға ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасының орынбасары Азамат Имашев, Халықаралық күрес федерациясының (UWW) делегаты Антонио Гарсия Моралес, ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Есет Байтасов қатысты.

«Елорда төріндегі әлем чемпионаты өте жоғары деңгейде өтуде. Осы күнге дейінгі жарыс күнгінің қорытындысы бойынша жастар мен жасөспірімідеріміз жалпы есепте бірінші орын алды. Ал ересектер құрамасы грэпплингтен үшінші орынға тұрақтады. Тек осы спорттың отаны - АҚШ пен Польшадан ғана қалыс қалдық. Бірақ бұл да жоғары нәтиже. Енді шешуші күні грэпплинг gi-ден жүлделер сарапқа салынады, - деді ҚР грэпплинг ассоциациясының президенті, ұлттық құраманың бас бапкері Қанат Алин.

 


Айта кетейік, 7 қазаннан бүгінге дейін U15, U17, U20 жасқа дейінгі спортшылар мен ардагерлер арасында грэпплингтің ноу-ги және ги түрінен жүлдегерлер анықталды. Алдағы күндері ересектер өзара жүлдеге таласады. Барлығы Қазақстан атынан әр түрлі жастағы 200-ден астам спортшы сынға түсіп жатыр.