Спорт

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Испанияда топ жарды

Испанияның Ла-Нусия қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Бәсекеде грек-рим күресінен Қазақстан ерлер құрамасы 12 жүлдемен, 1-орын иеленді. Оның жетеуі алтын, төрт күміс және бір қола. 

Жарыс нәтижесі бойынша Ербол Камалиев (55 кг), Азамат Құрман (60 кг), Ержет Жарылқасын (63 кг), Сұлтан Әсетұлы (67 кг), Омар Сатаев (77 кг), Мақсат Сайлау (87 кг), Асылбек Әбдіқалық (130 кг) алтын алса, Асаухат Мұхамадиев (63 кг), Ерсін Абыйр (55 кг), Дәулет Жалғасов (77 кг), Ерзат Ерланов (97 кг) күміс жүлдегер атанды. Ал Ерасыл Мамырбеков (55 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ әйелдер күресінен қазақстандық балуандар 8 алтын, 2 күміс медальмен екінші орын алды. 

-->