Геннадий Головкин ат спорты федерациясының президентімен кездесті
Бүгін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин ҚР Ат спорты федерациясының президенті Рустам Баялиевпен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Екі жақ Қазақстандағы ат спортының дамуы, халықаралық жарыстарға қатысатын спортшыларды даярлау мен қолдау мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту, ұлттық құраманың дайындық деңгейін жақсарту және ат спортының әлеуетін арттыру туралы айтылды. Олимпиадалық ат спорты түрлерінің мәртебесін көтеруге және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Кездесуде алдағы шаралар, Ат спорты федерациясы командасын турнирлерге дайындау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жоспарлар талқыланды.