Галиб Джафаров: Бекзат Саттархановпен 2 рет жұдырықтасқанмын
Elorda.info тілшісі бокстан әлем чемпионы, Афина және Бейжің Олимпиадасының қатысушысы Галиб Джафаровтан сұхбат алды.
- 2000 жылы Сидней Олимпиадасында 57 келіде өнер көрсеткен 20 жастағы Бекзат Саттарханов сенсациялық жеңіске қол жеткізді. Ал сіз бір жылдан соң, әлем чемпионатында дәл осы салмақта күміс жүлдегер атандыңыз. Екеуіңіз бір-біріңізбен шаршы рингте жолыққансыздар ма?
- Сидней Олимпиадасында 57 келіде Бекзат топ жарған соң, бұл салмақта қалуды жоспарладыңыз ба?
- 2001 жылы Белфастта өткен әлем чемпионаты қазақ бокс тарихындағы ең сәтсіз турнирлердің бірі саналады. 10 боксшымыздың арасынан сізге ғана күміс жүлде алу бақыты бұйырыпты. Сіз фаворит ретінде бардыңыз ба?
- Әлем чемпионатының статистикасына назар аударсақ, Куба боксшысын жеңген ең алғашқы боксшы сіз екенсіз. Осы жайында айтсаңыз?
Қазақстан – Куба арасындағы жекпе-жектегі жеңісті сәттеріміз:
2001 жыл. 1/8 финал. 57 келі. Галиб Джафаров – Юниор Барзага 27:24
2003 жыл. 1/8 финал. 57 келі. Галиб Джафаров – Юденис Гонзалез 27:14
2003 жыл. 1/2 финал. 75 келі. Геннадий Головкин – Йорданис Деспайн 29:26
2013 жыл. 1/4 финал. 56 келі. Қайрат Ералиев – Робейси Рамирез 3:0
2013 жыл. 1/2 финал. 49 келі. Біржан Жақыпов – Йосвани Вейтиа 3:0
2013 жыл. Финал. 64 келі. Мерей Ақшалов – Толедо Лопес 3:0
2013 жыл. Финал. 69 келі. Данияр Елеусінов – Ариснойд Деспайн 3:0
2017 жыл. 1/4 финал. 75 келі. Әбілхан Аманқұл – Арлен Лопес 3:2
2019 жыл. 1/2 финал. 81 келі. Бекзад Нұрдәулетов – Хулио Ла Круз 4:1
2021 жыл. 1/2 финал. 57 келі. Серік Теміржанов – Освель Кабальеро 3:2.
- Сіз әлем чемпионатында жүлде алған 2001, 2003 жылдары Қазақстан ұлттық бапкері ретінде Сидней Олимпиадасының чемпионы, 30 жастағы Ермахан Ибраимов тағайындалды. Ермахан ағамыз өз міндетін қалай атқарды?
- 2003 жылы Бангкокте өткен әлем чемпионатының финалында Ақмоланың тумасы, 9 жасында Германияға көшкен Виталий Тайбертпен шықтыңыз. Осы ерекше финал жайлы айтып өтсеңіз?
- 2003 жылы Бангкокте өткен әлем чемпионатына фаворит ретінде бардыңыз ба?
- 2005 жылы әлем чемпионы деген атағыңызды қорғамапсыз?
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Elorda.info тілшісі бокстан әлем чемпионы, Афина және Бейжің Олимпиадасының қатысушысы Галиб Джафаровтан сұхбат алды.
- 2000 жылы Сидней Олимпиадасында 57 келіде өнер көрсеткен 20 жастағы Бекзат Саттарханов сенсациялық жеңіске қол жеткізді. Ал сіз бір жылдан соң, әлем чемпионатында дәл осы салмақта күміс жүлдегер атандыңыз. Екеуіңіз бір-біріңізбен шаршы рингте жолыққансыздар ма?
Мен Сидней Олимпиадасына дейін, 1997 жылы ұлттық құраманың мүшесі атандым. Әрине, екеуміз 1 салмақта болған соң, жарыстарда кездестік. Ең алғаш 1998 жылы 20 жасымда Шымкентте өткен жарыста 54 келіде Бекзатпен жолығып, төреші шешімімен жол бердім. Ол жекпе-жекте жеңіске жетуіме болушы еді. Бірақ қарсыласқа мүмкіндік беріп, қолда тұрған жеңісті сыйладым.
1999 жылы Ташкентте өткен лицензиялық Азия чемпионатында 19 жастағы Бекзат Саттарханов 2-орын алып, Сидней Олимпиадасына жолдама алды. Одан кейін екеуміз Қарағандыда өткен Ғалым Жарылғаповты еске алу турнирінің финалында айқасып, есе жібердім. Жарыстан бөлек, 1999 жылы Орталық Азия чемпионатына баратын құраманы анықтау барысында 2 рет спарринг өткіздік. Оқу-жаттығу жиынына баратын сәтте бронхит болып, толыққанды өзімді көрсете алмадым. Жеңілдім. Ал Бекзат Саттарханов Орталық Азия чемпионатында күміс жүлде алды.
1999 жылы 57 келі салмақта 3 боксшы өзара таластық. Олар: Атланта Олимпиадасының қатысушысы, Флойд Мейвезерден жеңілген Бақтияр Тілегенов, жас талант Бекзат Саттарханов және мен. Бастапқыда фаворит Бақтияр Тілегенов саналды. Қазақстан чемпионатының 2-ші айналымында мен Бақтияр Тілегеновпен айқасып, жарақатыма байланысты жекпе-жекті аяқтауға мәжбүр болдым. Ал финалда Бақтияр Тілегенов Бекзат Саттархановты жеңді. Нәтижесінде Бақтияр тамыз айында Хьюстонда (АҚШ) өткен әлем чемпионатына барып, алғашқы айналымда АҚШ боксшысы, жеңімпаз атанатын Рокки Хуарестен 1:4 есебімен жеңілді. Жеңілді дегенде, Бақтияр Тілегенов әжептәуір жұдырықтасты. Алайда төрешілер ұпайын есептемей, жекпе-жектен соң есепті көрсетпей, АҚШ боксшысының қолын көтерді. Кейіннен әлем чемпионы атанды. Бірақ 2000 жылы Сидней Олимпиадасының финалында ол Бекзат Саттархановтан ұпай санымен ұтылды.
Әлем чемпионатынан кейін, Бақтияр Тілегеновті 57 келіде №1 боксшы ретінде санауды қойды. Орталық Азия чемпионатына бару үшін, тек Бекзат екеуміз спарринг өткіздік. Бекзат Орталық Азия чемпионаты мен лицензиялық Азия чемпионатында күміс алып, 1 жылдан соң, Сидней Олимпиадасының чемпионы атанды.
- Сидней Олимпиадасында 57 келіде Бекзат топ жарған соң, бұл салмақта қалуды жоспарладыңыз ба?
Бекзат Саттарханов Сидней Олимпиадасына дейін 57 келіні әзер ұстап тұрды. Салмақ қуу қиын болғандықтан, ары қарай 60 келіде жұдырықтасуды жоспарлаған еді. Ал 1994 жылдан бері ұлттық құраманың негізгі боксшысы болған Бақтияр Тілегеновке салмақ қуу мәселесі және сенімнен шыққаны кедергі келтірді. Сол себепті, мен 57 келідегі орныма қатты алаңдамадым.
- 2001 жылы Белфастта өткен әлем чемпионаты қазақ бокс тарихындағы ең сәтсіз турнирлердің бірі саналады. 10 боксшымыздың арасынан сізге ғана күміс жүлде алу бақыты бұйырыпты. Сіз фаворит ретінде бардыңыз ба?
2000 жылы Сидней Олимпиадасынан кейін, Қазақстан ұлттық құрамасы 100%-ға жаңарды. 2001 жылы Қазақстан чемпионатын жеңгендер ұлттық құраманың негізгі боксшыларына айналды. Көпшілік мамандар мені жүлде алатындардың қатарына қоспады. Тіпті жанкүйерлер мені білмеді десем де болады. Ал өзім әлем чемпионатының қандай жүлдесі болса да, разы едім. Өкінішке қарай, 1/8 финалда 5 бірдей боксшымыз жарыста жеңіліп, жалғыз мен қалдым. Ширек финалда Таиланд спортшысы Суттисак Самаксаман өткен жекпе-жек психологиялық тұрғыдан ауыр тиді. Себебі, мен жеңілсем, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтар еді. Екіншіден, ұлттық құрамада жайдан-жай жүрген боксшы еместігімді дәлелдеу қажет болды. Бағыма қарай, 30:27 есебімен жеңдім. Ал жартылай финалда Швеция өкілі Мажид Желилимен өткен айқас қатты қиындық тудырмады. Есеп: 30:18. Финалда осы салмақтың басты фавориті – КСРО, ТМД, Ресей, Түркия атынан жұдырықтасқан грузин Рамаз Палианимен шықтым. Барселона Олимпиадасының қола жүлдегері, 2 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері, 3 дүркін Еуропа чемпионы, Сидней Олимпиадасының ширек финалында марқұм Бекзат Саттархановтан жеңілген Рамазға қарсы тұру қиын болды. 3 раундта 15 ұпай артта қалғаным үшін, төрешілер жеңісті уақытынан бұрын қарсыласыма берді. Осылайша, әлем чемпионатында алғашқы жүлдемді алдым.
- Әлем чемпионатының статистикасына назар аударсақ, Куба боксшысын жеңген ең алғашқы боксшы сіз екенсіз. Осы жайында айтсаңыз?
2001 жылы Ирландияда өткен әлем чемпионатының алғашқы жекпе-жегімде Аргентина боксшысы Исраэль Эктор Пересті 18:15 есебімен жеңдім. 1/8 финалда Кубаның чемпионы, әлем біріншілігінің фавориттерінің бірі – Юниор Барзагадан 27:24 есебімен басым түстім. Әрине, Куба боксшыларын жеңу оңай емес. Бірақ әлем чемпионатының тарихында Куба боксшысын жеңген алғашқы отандық спортшы екенімді білмеппін. Тек кезекті қарсылас ретінде көріп, жеңуді басты мақсат еттім. Куба елінің спортшысын әлем чемпионатына дейінгі турнирлерде де бәсекеге түсіп, басым түскенмін. Одан бөлек, маған дейін де қазақ боксшылары Кубаның жігіттерін өзге турнирлерде, Олимпиадада жеңген.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының тарихында ең көп Куба елімен жұдырықтасқан. Қос елдің боксшылары 31 мәрте айқасқа түсіп, 10 мәрте біз жеңсек, 21 рет жеңілістің ащы дәмін тартқанбыз.
Қазақстан – Куба арасындағы жекпе-жектегі жеңісті сәттеріміз:
2001 жыл. 1/8 финал. 57 келі. Галиб Джафаров – Юниор Барзага 27:24
2003 жыл. 1/8 финал. 57 келі. Галиб Джафаров – Юденис Гонзалез 27:14
2003 жыл. 1/2 финал. 75 келі. Геннадий Головкин – Йорданис Деспайн 29:26
2013 жыл. 1/4 финал. 56 келі. Қайрат Ералиев – Робейси Рамирез 3:0
2013 жыл. 1/2 финал. 49 келі. Біржан Жақыпов – Йосвани Вейтиа 3:0
2013 жыл. Финал. 64 келі. Мерей Ақшалов – Толедо Лопес 3:0
2013 жыл. Финал. 69 келі. Данияр Елеусінов – Ариснойд Деспайн 3:0
2017 жыл. 1/4 финал. 75 келі. Әбілхан Аманқұл – Арлен Лопес 3:2
2019 жыл. 1/2 финал. 81 келі. Бекзад Нұрдәулетов – Хулио Ла Круз 4:1
2021 жыл. 1/2 финал. 57 келі. Серік Теміржанов – Освель Кабальеро 3:2.
- Сіз әлем чемпионатында жүлде алған 2001, 2003 жылдары Қазақстан ұлттық бапкері ретінде Сидней Олимпиадасының чемпионы, 30 жастағы Ермахан Ибраимов тағайындалды. Ермахан ағамыз өз міндетін қалай атқарды?
Ермахан Ибраимов 2002-2004 жылдары ұлттық құраманың бас бапкері болды. Ол келген сәтте құрамадағы боксшылар өте мықты еді. Себебі, Бейбіт Шүменов, Геннадий Головкин әуесқой бокстан бөлек, кәсіпқой рингте де әлем чемпионы атанды. Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков болды. Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев жаттықты. Сәйкесінше, 2003 жылы Бангкокте өткен әлем чемпионатында алғаш рет Қазақстаннан 2 бірдей әлем чемпионы (Галиб Джафаров, Геннадий Головкин) шықты.
Ермахан Ибраимов қана емес, құрамадағы бапкерлер құрамы Василий Жировтың жеке бапкері, аңыз Александр Апачинский, Нұрғали Сафиуллин, Әлімбек Балмағамбетов, Нұрлан Ақүрпеков сынды өте мықты мамандардан жасақталды. Сондықтан оған бас бапкерлік қызмет, ірі жарыстарға мықты боксшыларды сұрыптау қатты қиын болмады.
- 2003 жылы Бангкокте өткен әлем чемпионатының финалында Ақмоланың тумасы, 9 жасында Германияға көшкен Виталий Тайбертпен шықтыңыз. Осы ерекше финал жайлы айтып өтсеңіз?
Виталий Тайбертпен бұған дейін 2002 жылы «Кіші әлем чемпионаты» саналатын Германиядағы Галле турнирінде кездестім. Өкінішке қарай, жартылай финалда 12:18 есебімен жеңілгенмін. Енді әлем чемпионатының финалында жұдырықтасудың сәті түсті. Мен үшін психологиялық жағынан өте қиын болды. Біріншіден, 10 күнге созылған жарыстың шешуші күні. Екіншіден, 2 жыл бұрын әлем чемпионатының финалында жеңілгем. Алғашқы раундта тең түстік. 2 раундта сәл ғана ұпаймен алға шықтым. Қалған раундтарда ұпай басымдығын пайдаланып, 43:35 есебімен жеңдім. Төреші қолымды көтерсе де, жеңісіме сене алмадым. Өйткені, 1996 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының 1/4 финалында төреші менің қолым көтеріп, 1-2 минуттан соң, қарсыласыма жеңісімді берген еді. Украина боксшысынан 10:12 есебімен есе жіберіп, қол созым жердегі жүлдеден тыс қалғанмын. Бангкоктегі финалда да жеңісімді тартып ала ма деп, қорықтым.
- 2003 жылы Бангкокте өткен әлем чемпионатына фаворит ретінде бардыңыз ба?
2001 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдесін алған соң, 57 келідегі орнымды ешкімге бермедім. Басты жоспарым 2003 жылы әлем чемпионаты мен 2004 жылы Афина Олимпиадасында топ жару болды. Алайда 2003 жылы әлем біріншілігіне менің орныма Абзал Адамбаевты жібергісі келді. Екеуміз спарринг өткізіп, жеңісті Абзалға берді. Мен берілгім келмеді. Әлем чемпионатының алдындағы соңғы Түркиядағы турнирге Қазақстан құрамасы негізгі құрамды қатыстыруға шешім қабылдады. Мен өз қаржыммен барып, финалда Абзал Адамбаевтан жеңісті жұлып алдым. Нәтижесінде ұлттық құрамаға кіріп, Бангкокте әлем чемпионы атандым.
- 2005 жылы әлем чемпионы деген атағыңызды қорғамапсыз?
2003 жылы әлем чемпионы, Азия чемпионы атағын иеленген соң, Афина Олимпиадасына басты фаворит ретінде бардым. Өкінішке қарай, ширек финалда 2 дүркін Олимпиада чемпионы, Ресей боксшысы Алексей Тищенкодан 26:36 есебімен жеңіліп қалдым. Одан кейін 2006 жылға дейін демалыс алуды жөн көрдім.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ