Спорт

Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанды жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионаты алдындағы алғашқы жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астанада өткен матчта Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің алғашқы бөлігінде гол болмады, бірақ екінші таймда Біржан Оразов есеп ашып, көп ұзамай Дәурен Тұрсағұлов есепті еселеді. Матчтың нүктесін Ақжол Дәрібай қойды. Осылайша ол ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.

Айта кетейік, 24 тамызда Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары тағы да ойын өткізеді. Матчың басталуы 18:00-ге жоспарланған.