Спорт

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші туры аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Плей-офф кезеңге әр топта үздік атанған 2 құрама тікелей жолдама алады.

Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңге шықты. Қазіргі таңда 1/8 финалға Аргентина, Бразилия, Иран, Испания, Қазақстан, Марокко, Парагвай, Португалия, Таиланд, Франция командалары шықты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын 21 қыркүйекте Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді.