Спорт

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясында Испаниямен тең түсті

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында Испаниямен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы D тобында Испаниямен тең тарқасты. 

Ойынның 5-секундында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Біржан Оразов есепті ашты. Ал матчтың 17-минутында Испания құрамасының ойыншысы Хесус Гордильо есепті теңестірді. 

Сондай-ақ футзалдан Қазақстан құрамасы D тобында Ливиямен (18 қыркүйек) және Жаңа Зеландиямен (21 қыркүйек) кездесу өткізеді. 

Плей-офф кезеңіне топта үздік атанған 2 құрама тікелей жолдама алады. Сонымен бірге әр топта үшінші орын алған құрамалар арасында үздік атанған 4 команда да плей-офф кезеңіне шығады.