Спорт

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкеріне көлік сыйлады

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевке темір тұлпарыдң кілтін сыйлады, деп хабарлады Elorda.info   

Бұл жаңалық туралы жаттықтырушының өзі Instagram парақшасында жазды.   

Айта кетейік Магомед Адиев жаттықтыратын  футболдан ұлттық құрама EURO-2024 іріктеу ойындарында өткізген кездесулердің көбінде жанкүйерлердің есінде қаларлықтай жақсы ойын өргнегін көрсетті. 

Жерлестеріміз соңғы ойынын сырт алаңда Словенияға қарсы өткізді. Футболшыларымыз 1:2 есебімен жол берсе де, Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет 18 ұпай жинап, 3-орынға тұрақтады.

Жігіттер осы жолы Еуропа біріншілігіне тікелей жолдама ала алмағанымен, алдағы жылы наурызда өтетін Ұлттар лигасында тағы бір рет бағын сынап көруге мүмкіндіктері бар. Лигадағы алғашқы қарсыласымыз Грекия құрамасы болады. 

-->

Бапкер және команда ретінде жанкүйерлер алдында тиісті межені орындамағанымызды білемін, тиісінше бұл сыйлыққа толық лайықтымын деп айта алмаймын. Әріптестерімізбен бірге футболдан Еуропа чемпионатына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын сеземіз, сол үшін де өзіміздің сүйікті спортымыз — футболдағы мақсатымыздың орындалуы үшін аянып қалмаймыз. Бұл сыйлықты бағалаймын, ол мен үшін мотивация ғана емес, еліміз бен халқымыз алдындағы міндетімді есіме түсіріп тұратын сый болмақ. Сенім мен қолдау үшін барлығыңызға алғыс, — деп жазды М. Адиев.