Спорт

Футболдан ұлттық құрамамызды әуежайдан күтіп алды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астана қаласына оралды, деп хабарлайды Elorda info сайты. 

EURO-2024 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен жерлестеріміз соңғы ойынын сырт алаңда Словенияға қарсы өткізді. Футболшыларымыз 1:2 есебімен жол берсе де, Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет 18 ұпай жинап, 3-орынға тұрақтады. 

Футболшыларымызды әуежайдан қарсы алу рәсіміне  ҚР туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, спорт салаларының басшылары мен көптеген жанкүйерлер жиналды. 

Іріктеу кезеңі аясында жас болса да, үздік ойын өрнегін көрсеткен сұрмерген Максим Самородов та болашағына байланысты жоспарымен бөлісті: 

Енді Қазақстан құрамасы 2024 жылы «Ұлттар лигасының» плей-оффында сырт алаңда Грекиямен доп тебеді. Ал екінші жартылай финалда Грузия Люксембургпен өзара мықтыны анықтайды. Қос ойынның жеңімпаздары ЕУРО-2024 бәсекесінің финалдық кезеңінде өнер көрсету үшін жалғыз жолдаманы сарапқа салатын болады.    

                                                                                                                     Қанат БАЙҰЗАҚОВ                                                                                                                          

-->

«Өкінішке қарай, шешуші ойынға жарақаттарына байланысты Бактиер Зайнутдинов, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев және мен қатыса алмадым. Құрамамыз есе жіберген сәтте көшбасшы ойыншылардың болмауы өзекті өртеді. Дегенмен, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қарсыластардың ойы толыққанды өзгерді. Бұған дейін Қазақстан ұпай үлестіретін ел ретінде саналса, енді санасуларына тура келеді. Тіпті Словения командасы Данияға қарсы қосалқы ойыншыларын шығарып, бізге дайындалды. Бұл да қарсыластың сескенетінін білдіреді. Енді 2024 жылдың 21 наурызында «Ұлттар лигасының» плей-оффында Грекиямен  жолығамыз. Қарсыласымыз жайлы әлі айта алмаймын. Бірақ біз үшін қарсылас кім болса да, жеңуге бар күш-жігерімізді аямаймыз», — деді, футболдан ұлттық құраманың капитаны Асхат Тағыберген.

Іріктеу кезеңі аясында жас болса да, үздік ойын өрнегін көрсеткен сұрмерген Максим Самородов та болашағына байланысты жоспарымен бөлісті: 

«Болашағым жайлы нақты айта алмаймын. Алайда Еуропа клубтарында доп тепкім келетінімді жасырмаймын. Кәсіби тұрғыдан жетілуді қалаймын. Барлығын алдағы уақытта көре жатармыз», -деді ұлттық құраманың ең жас ойыншысы.