Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабында өзгеріс болды

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабындағы өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабына Константин Горовенко мен Елдос Ахметов қосылды.

21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының бапкерлері Константин Горовенко мен Елдос Ахметов Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың көмекшілері болып тағайындалды. Ал Денис Мамонов жастар құрамасының бас бапкері болды», - деп жазды баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Станислав Черчесов шәкірттері УЕФА Ұлттар лигасы аясында Австриямен кездеседі.