Спорт

Футбол ойнаған бір атаның балалары: Таразда ерекше жарыс өтіп жатыр

Бүгін тарихи Тараз қаласында осымен 24-рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі "Бір атаның балалары футбол ойнайды!" республикалық жарысы басталды.   

Бұл жарыстың ерекшелігі: бір командада бір атаның балары ғана - атасы, баласы, немересі, шөбересі ойнайды.

Әлемде тек қазақ жерінде ғана өткізілетін бұл жарысқа сонау Маңғыстаудан Алатауға дейінгі шексіз Қазақстаннан 28 команда жиналып, доп теуіп жатыр. Жарыс жексенбі күні аяқталады.

Несіп Жүнісбаев