Футбол: Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды
Бүгін футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды. Бұл ойындар 4-5 және 10-11 наурыз күндеріне белгіленген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыстың аталған сатысында «Брюгге» (Бельгия) мен «Астон Вилла» (Англия), «Боруссия Дортмунд» (Германия) мен «Лилль» (Франция), «Реал Мадрид» (Испания) пен «Атлетико Мадрид» (Испания), «Бавария» (Германия) мен «Байер» (Германия), «Арсенал» (Англия) мен ПСВ (Нидерланд), «Интер» (Италия) мен «Фейеноорд» (Нидерланд), ПСЖ (Франция) мен «Ливерпуль» (Англия), «Бенфика» (Португалия) мен «Барселона» (Испания) ойнайды.
Ал 8-9, 15-16 сәуір күндері ширек, 29-30 сәуір, 6-7 мамырда жартылай финал өтеді.
Финал 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц-Арена» стадионында болады.
Биыл Чемпиондар лигасы жаңа ереже бойынша өткізіліп жатыр. Жалпы кезеңде 32 команда сынға түсті. Алғашқы сегіз орынға ие болған командалар бірден 1/8 финалға шықса, 9-24 орынға табан тіреген ұжымдар плей-офф сатысына жолдама алды.