Спорт

Футбол: Қазақстан әлем чемпионатын өткізе ала ма?

FIFA президенті Орталық Азия елдері жастар және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өткізуге мүмкіндігі бар екендігін жеткізді. Бірақ ол үшін жұмыс істеу қажет екенін алға тартты, деп хабарлады Elorda.info.

2019 жылы жастар арасындағы әлем чемпионаты Польшада өткен еді. Сол кезде ең үлкен стадионның сыйымдылығы 20 мың адамды қамтыды. 

FIFA ұйымының 2026 жылы АҚШ (11 стадион), Мексика (3 стадион), Канада (2 стадион) елінде өтетін әлем чемпионатына басты қойған талабы: 

Ашылу салтанаты өтетін стадионның сыйымдылығы: 80 000 адам. 

Финал өтетін стадионның сыйымдылығы: 80 000 адам. 

Жартылай финал өтетін стадионның сыйымдылығы: 60 000 адам. 

Қалған ойындарға: кемі 40 000 адам сиятын стадион болуы шарт. 

Қазақстанның ең үлкен ТОП-5 стадионы:

1-орын. Астана-Арена – 33 мың адам. 

2-орын. Алматы – 26 242 адам. 

3-орын. Шымкент – 20 мың адам. 

4-орын. Қарағанды – 19 мың адам. 

5-орын. Ақтөбе – 13 500 адам. 

Өзбекстанның ең үлкен ТОП-5 стадионы: 

1-орын. Пахтакор – 35 мың адам. 

2-орын. Миллий – 34 мың адам. 

3-орын. Касансай – 30 мың адам. 

4-5-орын. Наманган – 28 500 адам. 

4-5-орын. Металлург – 28 500 адам. 

Әлем чемпионатындағы ең алғашқы стадион қашан салынған? 

Футболдан алғашқы әлем чемпионаты 1930 жылы Уругвайда өтті. Осыған орай, 1929 жылы жоспар түзіліп, рекордтық 9 айда 60 мың жанкүйер сиятын стадион салынды. 

Әлем чемпионаты 1930 жылы 13 шілдеде басталса да, басты стадион тек 18 шілде күні ашылған. Салдарынан футболшылар бастапқы ойындарын 20 мыңдық стадиондарда өткізді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->