Спорт

Футбол: «Астана» топтық кезеңге өте ала ма?

Бүгін футболдан еурокубокта өнер көрсетіп жатқан «Астана» клубы Болгарияның чемпионымен жолығады деп, хабарлады Elorda.info

Чемпиондар лигасында жарыс жолын аяқтаған «Астана» клубы Еуропа лигасының 3-раундында «Лудогорец» командасымен кездеседі. 

Болгария чемпионы былтыр да Чемпиондар лигасының 3 раундына дейін жетіп ,«Динамо Загреб» клубынан жеңілген. Конференция лигасының 1/16 финалына жетіп, «Андерлехттен» (Бельгия) пенальтиден есе жіберді. 2016 жылдан бері тұрақты түрде Еурокубоктың топтық кезеңдерінде доп тебеді.

«Астана» клубының құны: 14,18 млн еуро

«Лудогорец» клубының құны: 42,55 млн еуро 

Егер «Астана» клубы Болгария командасынан өте алса, плей-офф раундында Нидерланды чемпионатының қола жүлдегері «Аякспен» жолығады. Құны 228,3 млн еуро. 

«Астана» клубы Болгария чемпионынан жеңілсе, Конференция лигасының плей-офф кезеңінде «Валмейра» (Латвия) «Партизани» (Албания) жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

«Валмейра» (Латвия) құны 4,84 млн еуро. Былтырғы қола жүлдегер. 

«Партизани» (Албания) құны 5,95 млн еуро. Албания чемпионы. Чемпиондар лигасында «БАТЭ» (Беларусь) клубынан қос ойында 1:3 есебімен жол берген. 

Ойын кешкі 20:00-де «Astana Arena» стадионында өтеді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->