Спорт

Funny sport: Астанада әр демалыс күндері ерекше жоба өтеді

20 шілдеден бастап елордада салауатты өмір салтына насихаттайтын кезекті жоба басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Сенбі күні St.Regis қонақ үйінің маңындағы саябақта Street Workout сайысы бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Имран Ибрагимов шеберлік дәрісін өткізсе, жексенбі күні сол жағалаудағы «Керуен» сауда үйінің жанында Sky dance студиясы самба, джайв, пасадобль, румба, ча-ча-ча би түрлерінен тұрғындарды базалық жаттығуымен таныстырды.

2 күнге жалғасқан шараға мыңға жуық қала тұрғыны қатысты.

Апта сайын өтетін шаралар туралы барлық ақпаратты http://funnysport.kz/ сайтынан көруге болады.  Сондай-ақ шараның барлық фото/бейнелері, марафон жаңалықтары және егжей-тегжейлі @funnysport.kz. Instagram желісінде жарияланады.

Сұрақтар туындаған жағдайда немесе тіркеле алмаған жағдайда, қолдау бөлімі қол жетімді. (8 7005438585).

Алдағы күндері өтетін іс-шараның бағдарламалары:

— 27 шілде күні 14:30 бен 16:30 уақыт аралығында Орталық саябақта ойыншық тапаншамен су атысу.

— 28 шілде күні 15:00 мен 17:00 уақыт аралығында үздік бишілердің қатысуымен FunnyStep стилі бойынша би жарысы өтеді.

— 3 тамыз күні «Жетісу» саябағында аула ойындары ұйымдастырылады.

— 4 тамыз күні «Пирамида» аумағында кәсіби йога мамандарымен шеберлік дәрісі өтеді.

— 10 тамыз күні Триатлон саябағында «Допты бер» атты стритбол сайысы жоспарланған.

— 11 тамыз күні ЭКСПО аумағында скакалкамен секіруден жарыс жеңімпазы анықталады.

— 17 тамыз күні жағалаудың бойында итпен бірге жүгіретін DOGS марафон өтеді.

— 18 тамызда HaileyBerry school төңірегінде жағалауда DJ велошеру жоспарланған.

— 24 тамызда Ботаникалық саябақта балалар арбасымен аналардың шеруі өтеді.

— 25 тамызда Ботаникалық саябақта ересектер мен балалар бірігіп, «Астана - менің үлкен үйім» шарасы аясында құстарға арнап ағаш үй жасайды.

-->

«Астана саябақтарындағы спорттық шаралар марафонының басты идеясы — спорт пен денсаулықты жақсарту мен насихаттауды қамтиды. «Астана қозғалыста» - бұл белсенді өмір салтын ынталандыруға және спорт мәдениетін дамытуға бағытталған бастама. Шаралар қоғамның түрлі мүдделері мен адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдалды. Сондықтан еліміздің әрбір тұрғыны өзіне сәйкес келетін спорт түрін таңдай алады, мысалы, иттермен бірге жүгіру, биден шеберлік сабақтары, стритбол турнирі, веложарыс және т.б.», — деді шара ұйымдастырушысы Жәмила Байдосова.