Спорт

Фристайл-могулдан әлем кубогында бақ сынайтын спортшылар анықталды

28 ақпан – 2 наурыз аралығында Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы бақ сынайды.

Құрамға Юлия Галышева, Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Павел Колмаков, Антон Бондарев, Фёдор Бугаков, Денис Раструба енді.