Фрэнк Уоррен: Хамза мен Жәнібектің жекпе-жегін ұйымдастырар едім
Фрэнк Уоррен: Хамза мен Жәнібектің жекпе-жегін ұйымдастырар едім
Кәсіпқой бокстағы танымал британдық промоутер Фрэнк Уоррен 72,6 келі салмақтағы Хамза Шираздың (19-0, 15 KO) жеңісіне байланысты пікірін білдірді:
Айта кетейік, 10 ақпан күні Лондон (Англия) төрінде өткен кеште Хамза Шираз әлем чемпиондығына үміткер болған Лиам Уильямсты (25-5-1, 20 KO) алғашқы раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
Хамза Шираз орта салмақтағы боксшылардың рейтингісінде WBC нұсқасында 4-орын, WBO нұсқасында 5-орында тұр.
Еске сала кетейік, жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы.
-->Кәсіпқой бокстағы танымал британдық промоутер Фрэнк Уоррен 72,6 келі салмақтағы Хамза Шираздың (19-0, 15 KO) жеңісіне байланысты пікірін білдірді:
Алдағы уақытта Хамза Рамазан айына дайындалады. Бұл біз үшін оңтайлы шешім. Себебі, осы уақыт аралығында біз оның келесі қадамын жоспарлаймыз. Бірнеше жақсы нұсқалар бар. Бірақ жеке өзім Хамза Шираз бен солақай, қос белбеу бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының арасында жекпе-жекті ұйымдастыруды қалар едім. Ол «менімен ешкім шыққысы келмейді» деп айтады. Егер ол дайын болса, біздің ұсынатын боксшымыз бар.