ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми добын таныстырды
Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми матч добын таныстырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыс үш елде өтеді: АҚШ, Канада және Мексика.
Дизайн қабылдаушы елдерді бейнелейтін үш түсті – қызыл, көк және жасылды қамтиды. Доп ТРИОНДА деп аталады.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатында әрқайсысы төрт командадан 12 топқа бөлінген 48 ұлттық құрама қатысады. Үздік екі команда және үшінші орын алған сегіз үздік команда плей-офф кезеңіне өтеді.