Евгений Кошкин конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде алтыннан алқа тақты
Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Elorda.info.kz хабарлайды.
Алматылық спортшы 500 метр қашықтықты 34,46 секундта бағындырып, алтыннан алқа тақты.
Е.Кошкин артта қалдырғандар арасында әлемнің үш дүркін чемпионы, 2022 жылғы
Олимпиаданың күміс жүлдегері, канадалық Лорен Дюбрель де бар. Ол 34,51 секунд нәтижемен екінші, нидерландылық Еннинг Де Боо (34,52) үшінші орынға ие болды.
Бұған дейін 22 жастағы Евгений Кошкин биыл Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындарында 100 метрден күміс жүлдегер атанса, Томашув-Мазовецкиде (Польша, 500 метр) әлем кубогы кезеңінде үздік шықты. Херенвенде тағы бір қоланы жеңіп алды.
Қазақстан тарихында әлем кубогы кезеңінде Е.Кошкинге дейін Вадим Шақшабаев 1995 жылы екі, Роман Креч 2016 жылы Харбинде бір алтын медаль алған еді.