Спорт

Еуропа лигасы: «Астана» бүгін «Лудогорецпен» кездеседі

«Астана» 17 тамыздан 18 тамызға қараған түні Разградта (Болгария) Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Лудогорецке» қарсы матч өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

«Лудогорец» «Астана» матчының тікелей трансляциясы елорда уақытымен 00:00-де басталады, кездесуді Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Бір апта бұрын Астанада өткен алғашқы ойында елордалық команда 2:1 есебімен жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, егер «Астана» екі матч қорытындысы бойынша «Лудогорецті» жеңсе, Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде нидерландтық «Аякспен» кездеседі. Бұл матчтар 24 және 31 тамызда өтеді.

Ал егер Григорий Бабаян шәкірттері жеңіліп қалса, Конференция лигасының плэй-офф кезеңіне өтеді, онда «Валмиера» (Латвия) – «Партизани» (Албания) матчының жеңімпазымен күш сынасады.

-->