Спорт

Еуропа чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін бе

Қазақстан футзалы қауымдастығының президенті Талғат Қосмұхамбетов Еуро-2026 Қазақстанда өтуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлады Elordainfo.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Алда өтетін Еуропа чемпионаты Литва мен Латвияда болады деп жоспарланған, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарында турнирді кейінге қалдыру туралы ақпарат жарияланды .

«Біз ақпаратты БАҚ-тан оқыдық, бірақ әзірге УЕФА тарапынан ресми ұсыныс түскен жоқ. Бірақ егер ұсыны түссе, әрине, біз оны қарастырып, мемлекеттік органдармен келісетін боламыз. Дегенмен бұл үлкен турнир, онда біз қауіпсіздікті, логистиканы, өткізілетін орынды, ұйымдастыруды қамтамасыз етуіміз керек. Егер ұсыныс түссе, Астана мен Алматыда өтуі мүмкін. Бұл үшін бізде жеткілікті инфрақұрылым бар, біз осындай деңгейдегі жарысты қабылдай аламыз. Біз УЕФА-ға өзіміз ұсыныс айттық па деген сұраққа келсек, жоқ, ондай болған жоқ, біздің тарапымыздан бұл  дұрыс болмас еді», - деді Қосмұхамбетов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеуінде екінші орынды иеленді және құрлықтық біріншілікке шығу үшін  әлі матчтарда ойнауы тиіс.

Еуро-2026 кездесулерінің жеребесі 21 мамырда өтеді. Сол кезде Қазақстан құрамасының қарсыласы кім болатыны анықталады.

Іріктеу ойындары осы жылдың 15-24 қыркүйек күндері аралығында, ал Еуро финалдық турнирі 2026 жылдың 18 қаңтары мен 8 ақпанына жоспарланған.