Спорт

EURO-2024: Бүгінгі қарсыласымыз Словения жайлы не білеміз?

Бүгін түнде футболдан EURO-2024 турниріне іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Любляна қаласында Словенияға қарсы ойын өткізеді, деп хабарлады Elorda info. 

Словенияда 2 млн-нан астам тұрғын өмір сүреді. 

UEFA қауымдастығына мүше елдердің арасында халық саны жағынан Қазақстан — 20 млн халқымен 10 - орында тұрса,  Словения жоғарыда айтқанымыздай 2 млн 107 мың тұрғынымен 37-орында тұрақтаған.  

 Ел астанасы Любляна қаласының 284 мың адам тұрады. Салыстырмалы түрде елімізде 11-орындағы Қызылорда қаласымен шамалас. 

 Сыйымдылығы жағынан 10 мың көрерменнен асатын 3 қана стадионы бар. 

Құрама құны: 

Словения — 131,15 млн еуро

Қазақстан — 21,48 млн еуро

Ірі жарыстарда доп тепкен бе? 

2018 жылы футзалдан Еуропа чемпионаты Словениядағы «Стожице» спорт кешенінде ұйымдастырылды.  Сол сәтте Кака баптайтын футболшыларымыз жартылай финалға дейін жетіп, Испанияға 5:5 (пенальти 1:3) жол берді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->

Олар;  «Стожице» — 16 038 адам (бүгін Словения — Қазақстан арасындағы ойын өтеді). 2010 жылы ашылған, «Здежеле» — 13 059 адам. 2003 жылы ашылған, «Людски врт» — 11 709 адам (Марибор — Астана ойыны өткен). 1952 жылы ашылған. 

Құрама құны: 

Словения — 131,15 млн еуро

Қазақстан — 21,48 млн еуро

Ірі жарыстарда доп тепкен бе? 

Словения бұған дейін тек 2000 жылы ғана EURO  бәсекесінің финалдық кезеңінде өнер көрсеткен. Салыстырмалы түрде әлем чемпионатына 2002 және 2010 жылдары қатысыпты.  

Словения құрамасының бас бапкері  Матьяж Кек бүгін рекордтық 50-ші ойынын өткізбек. Бұған дейін ол 2007-2011 жылдары аралығында 49 ойыннан соң, құрамамен қош айтысқан. Дегенмен сол сәтте ол плей-офф кезеңінде Ресейді (1:0, 1:2) жеңіп, 2010 жылы әлем чемпионатында ойнауға мүмкіндік алды. 