Ермек Маржықпаев шорт-тректен әлем чемпионатының жүлдегерін қабылдады
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль олжалап, Қазақстанға тарихи жүлдені сыйлаған Денис Никишаны қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.
Министр спортшыға және оның жеке бапкері Петр Гамидовке Алғыс хат табыстады.
Кездесу барысында министр спортшының әлем чемпионатындағы жетістігін жоғары бағалап, алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды турнирлерде табысты өнер көрсетуіне тілекші екенін жеткізді.
Роттердамда өткен әлем чемпионатының финалында Ұлттық құрама көшбасшысы 500 метр қашықтықты 41.676 секундта бағындырып, мәре сызығын екінші болып қиған еді. Алтын медаль Лин Сяоджунның (Қытай) еншісінде кетсе, үздік үштікті Джордан Пьере-Гиллес (Канада) түйіндеді.
Айта кетейік, Денис былтыр Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында дәл осы қашықтықта жүлдеге бір табан жетпей тоқтаған еді.
-->Министр спортшыға және оның жеке бапкері Петр Гамидовке Алғыс хат табыстады.
Кездесу барысында министр спортшының әлем чемпионатындағы жетістігін жоғары бағалап, алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды турнирлерде табысты өнер көрсетуіне тілекші екенін жеткізді.
Ең алдымен, сізді шорт-тректен Нидерланд Корольдігінің Роттердам қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Әлемдік додадағы жоғары жетістігіңіз біз үшін үлкен мақтаныш және жастарды спортқа, саламатты өмір салтына тәрбиелеудің лайықты үлгісі. Еңбекқорлығыңыз бен кәсіби шеберлігіңіз отандық спорттың гүлденуіне одан әрі де қызмет ететініне сенімдімін. Алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды турнирлерде табысты өнер көрсетуіңізге тілекшімін, - деді Ермек Маржықпаев.