Спорт

Еркін күрестен Едіге Қасымбек әлем чемпионатының финалына шықты

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Қасымбек Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шықты.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы америкалық Коул Мирасоланы 11:0 есебімен ойсырата жеңді.

Айта кетейік, шешуші белдесуде Қасымбек ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадпен кездеседі.