Спорт

Эрик Асенов: Аралас жекпе-жек клубтарын қатаң бақылауға алу қажет

Кейінгі жылдары аралас жекпе-жек спорты елімізде кеңінен дамып келе жатыр. Осы орайда осы спорт түрін елімізге алғаш әкелген кісінің бірі - Assenov Fight клубының басшысы, Панкратионнан Азия федерациясының президенті Эрик Асеновпен сұхбаттасуды жөн көрдік.

— Өзіңіз жайлы айта кетсеңіз? 

— Менің әкем —  Жолан Асенов самбо күресінің негізін қалаушының бірі — Анатолий Харлампиевтің шәкірті болған. Самбодан Қазақстан атынан спорт шебері атағын алған алғашқы адам. Шешем — қыста шаңғымен айналысса, жазда велоспортқа ден қойған. Әке-шешем сырт елдегі студенттік ойындарда танысып, отбасын құрған. Ал олардың бойындағы ген маған дарып, мен де спорт жолына бет бұрдым. Грек-рим, бокс, каратэ сынды спорт секцияларына қатыстым. Мектеп бітірген соң, Санкт-Петербургтегі әскери училищеге түстім. Бірақ елді сағынып, 6 айдан кейін елге оралдым. 1986 жылы Алматы қаласындағы сәулет институтына түсіп, 1991 жылы инженер-құрылысшы мамандығын бітірдім. Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековпен бір топта оқыдым. Бірақ 15 желтоқсан күні оқудан Қостанайға жіберіп, Алматыдағы "Желтоқсан оқиғасына" қатыса алмадым. Кейіннен оқудан шығып қалған көптеген студенттердің қайта оқу орнына оралуына атсалыстым. 

10-05-4.jpg

—Панкратион деген қандай спорт? Бұл әлемде енді қалыптасқан спорт түрі ме? 

— Панкратион — ежелгі Грекияда Олимпиадаға кіретін спорттың түрі саналған. Тек спорт ретінде ғана емес, жауынгерлік тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастырылған. Грекияда Панкратий деген адам болған. Ол кемтар сәби ретінде дүниеге келген. Ал гректердің заңы бойынша ондай баланы жардан құлату керек еді. Алайда анасы оны жасырып өсірген. Өсе келе Панкратий талантты палуанға айналып, "Панкратион" атты спорт қалыптасқан. Алайда 1896 жылы заманауи тұрғыда қалыптасқан алғашқы Олимпиада ойындарына панкратион енбеді. Себебі, барон Пьер де Кубертен бұл спортты өте қауіпті, жарақат алу деңгейі жоғары деп есептеген. 

—Қазақстанға бұл спорт түрі қалай келді? 

— Мен панкратионға келмес бұрын, Алматы қаласында кикбокстан балаларды жаттықтырдым. Бұл спорт түрі батыс елдерімен байланысты болғандықтан, 90 жылға дейін заңсыз саналды. Шектеу 1990 жылы алынды. 1990 жылы Винница қаласында алғаш рет жалпы кеңестік деңгейде кикбокс жарысы өтті. Мен Қазақстанның бас бапкері Сабыржан Махметовпен бірге 3 шәкіртімді Украинға апардым. 71 келіде Жанат Асанов атты шәкіртім Қазақстан атынан чемпион атанды. Осылайша мен 25 жасымда КСРО құрамасының бапкерлер тізіміне ендім. Ол жерде Украинаның атақты спортшысы Виталий Кличконы дайындап, әлем чемпионы болуына көмектестім. Виталий Кличко кикбоксингтен 6 мәрте әлем чемпионы атанған. 35 жекпе-жек өткізіп, 34-інде жеңіске жеткен. 

Винницадағы жарыс біткен соң, Литва астанасы Вильнюске саяхаттаудың жолы түсті. Ол жерде мені кикбоксингпен айналысатынды біліп, спаррингке шақырды. Жергілікті 3 қарсыласымды жеңген соң, оларда енді дамып келе жатқан панкратионды Қазақстанда дамытуды ұсынды. Арнайы семинарды тәмамдап, кәсіби бапкер атандым. 2002 жылы Грекияда 10 дан атағы берілді. 

—Панкратионның өзге аралас жекпе-жектерден ерекшелігі неде? 

— Кикбоксингтегі тәжірибемді панкратионды дамытуға жұмсадым. 2000 жылдарға дейін әлемде аралас жекпе-жек спорттары үзіліссіз 30 минут төбелесетін еді. Бұл спортшылардың физикалық күшін азайтып, көрермендердің қызығушылығын азайтады. Алғаш рет панкратионда жекпе-жектерді раундқа бөлдім. Бастапқыда 15 раунд болды. Тәжірибемен, уақытпен 2 раундқа дейін азайттым. Әр раунд 2 жарым минуттан 2 раундқа созылады. Егер тең түссе, қосымша раунд қосылады. Бұл спортшылардың тынығуына әрі төрешілердің жеңімпазды анықтауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар турнирде лайықты қарсыластар болу үшін, салмақ категорияларына бөлдік. Одан бөлек, үзіліс кезінде спортшылар тордың сыртында демалады. Егер тордың ішінде демалса, шашылған судың кесірінен спортшылар тайғанауы мүмкін. Одан бөлек, біздің партерде ешқандай жарнама болмайды. Жарнама, атауы бар баннер-партерлер спортшылардың жарақат алу деңгейін жоғарлатады. Панкратионның басты артықшылығы — спортшылар жарақаттанса, бір жері қанаса, жекпе-жекті жалғастыруға тыйым салынады. Біз үшін бастысы — спортшылардың денсаулығы. Сол үшін де жарыстарда қарапайым медбикелер емес, жан сақтау бөлімінің мамандары отырады.

—Бүгінгі күндері UFC сынды шетелдік ұйымдарда қазақтың баласы артып келеді. Сіз де талантты балаларымызды шығарған шығарсыз? 

— Әрине, қазіргі уақытта аралас жекпе-жектен қазаққа танымал Арман Оспанов, Қуат Хамитов, бірнеше күн бұрын One Championship ұйымында жеңіске жеткен Қайрат Ахметов т.б спортшылар менің жарыстарымда тәжірибе жинақтаған. Тек қазақтар ғана емес, UFC-де Қырғызстанның атақты спортшысы Валентина Шевченко, Bellator ұйымында чемпион атанған Александр Шлеменко Көкшетаудағы жарыстарда өнер көрсетті.

—Қазақстанда панкратионның даму жағынан қандай мәселе бар?

— Алғашқы жылдары Қазақстанда өте қиын болды. Панкратион деген сөзді естіген көпшілік келеке қылды. Эрик Асенов күрес пен боксты араластырып, бір спорт ойлап тауыпты деп, сөз қылды. Оның ежелгі  Грекиядан келе жатқанын қайдан білсін?! Күштік құрылымдар 7 бірдей турнирімді кенеттен тоқтатып тастады. 2007 жылы Астана циркінде өтуге тиіс болған кеште Assenov Fight-тың Шавкат Ураков, Александр Шлеменко сынды 20 әлем чемпионы өнер көрсетуі тиіс еді. Алайда спецназдар цирктегі қызметкерлерге шабуылдап, рұқсат бермеді. 2000 билет сатылып кеткен сол турнир өткенде менің атағым жер жаратын еді. 

Жаттығатын қолайлы зал табу қиын болды. Үнемі көшіп жүру кімге ұнасын?! Бүгінде бұл мәселе өте өзекті. Алайда бүгінгі күнге дейін 130-дан астам турнир өткізіп үлгердім. Бұның барлығы спортқа деген махабатымнан болар. Менің ұлым – Ғазис Асенов те 14 жасында қара белбеу алды. Бүгінде Ресейде Синергия университетінде 3 курста оқиды. Болашақта менің ізімді жалғастырады.

—Кейінгі жылдары елімізде аралас жекпе-жектері қатты дамып, тіпті аттарын атап, түсін түстей алмайтындай дәрежеге жетуіміздің себебі неде?

— Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың басқаруымен 2010 жылы аралас жекпе-жектен FIGHT NIGHT атты ұйым құрылды. Бұл оқиғадан соң, елімізде де жоғарғы қызметтегі шенеуніктердің қаржыландыруымен ұйымдар пайда бола бастады. Олар: MMA, NAIZA, OCTAGON, M1 GLOBAL және т.б 2018 жылдан бері бұл ұйымдардың атағы танылып, жер танылып тұрғанымен, ғұмыры ұзақ болады деп, айта алмаймын. Оның себебі, барлығы ақшаға тіреледі. 

Аралас жекпе-жектен біз білетін, біз білмейтін көп клубтар бар. Ал оның барлығында кәсіби деңгейдегі бапкерлер бар дегенге сенбеймін. Осындай клубтар толық бақыламағандықтан, қоғамға теріс әсерін тигізуі әбден мүмкін. Мен Астанаға көшіп келгенде талапқа сай келмейтін клубтарды анықтайтын комиссия құрғым келді. Бірақ мәслихат тарапынан мақұлданбады.

—Аралас жекпе-жек дегенде көз алдымызға спортшылардан қарағанда, криминалдағы жігіттер көп елестейді. Бұған сіздің көзқарасыңыз?

— Панкратион – мемлекеттің тарапынан қолдау көретін, қаржыландыратын спорт түрі емес. Ол толықтай демеушіге тәуелді. 90 жылдары біздің  клубымыз демеушінің арқасында дамыды. Ал криминалдық топтар бай-бағлан, кәсіпкерлерді қыспаққа алғанын ескерсек, біздің де демеушімізді бірнеше мәрте қорғауға тура келді. Салдарынан мені бандит, рэкетир сынды жаман атпен байланыстырды. Атыс-шабыстарға барып, өзіме көптеген жауларды таптым. Менің жеке басыма 10 мәрте қастандық жасалып, 13 рет пышақталдым. 1 рет басыма оқ тиді. Сол кезде осы жасыма дейін өмір сүруді армандадым десем болады.  Қорыта айтқанда, мен демеушімді қорғамағанда, олар маған да көмектеспейтін еді. 

—30 жылдан астам өтті. Панкратионды мемлекеттің қолдауынсыз қалай алып жүрсіз?

—Аралас жекпе-жектен шығып жатқан әлем чемпиондары менің шәкіртімнің балалары. Алайда панкратионды елге алғаш әкелсем де, чемпиондарды қалыптастырсам да, менің сыртымнан Сағындық Макеев 2012 жылы панкратион федерациясын ашып алды. Өздерін панкратионды елге алғаш әкелгендей әспеттейді. Дегенімен 2003 жылы Грекияда өткен әлем чемпионатында менің шәкірттерім Аманжол Агибаев пен Ержан Ажбулатовтың топ жарғанын мүлде ескермейді. Соңғы жылдары аралас жекпе-жекке мемлекет тарапынан ақша да бөлінеді. Мемлекеттің ақшасына олар турнир өткізіп, әрі маған қарсы шағымданады. Ал мен тек қана демеушінің күшімен турнир өткізіп келе жатырмыз. Демеушінің барлығы дерлік – өзге ұлт өкілдері. Қазақтар тарапынан көмек болмады. Оған басты себеп – менің Көкшетауда орыс тілді ортада өскендігімнен болар. 2 клубым бар. Бірі – Қосшыда, 2-шісі №37 мектепте орта мектептің спорт залында 5 жастан асқан балаларлы аптасына 3 мәрте жаттықтырамын. Менің миссиям – балаларды төбелестіру емес. Керісінше салауатты өмір салтын насихаттап, өзін-өзі қорғауына көмектесу. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->