Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды
Швецияның Турсбю қаласында өткен IBU пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Ербол Хамитов 7,5 км (отырып) спринт жарысында 19:38.0 уақыт нәтижесімен жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Күміс жүлдені Павло Бал (Украина) иеленді, оның нәтижесі – 19:55.1, ал қола жүлде тағы бір украиналық спортшы Александр Алексыкке бұйырды, ол мәре сызығын 20:00.9 уақытта кесті.
Бұл жарыста тағы бір қазақстандық спортшы Сергей Усольцев жақсы нәтиже көрсетіп, 22:31.1 уақыт нәтижесімен 9-орынға тұрақтады.
Сондай-ақ, Александр Герлиц 7,5 км спринт (тұрып) 18:46.83 уақыт көрсетіп, 5-орынға ие болды.