Спорт

Ербол Хамитов әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Норвегияның Тронхейм қаласында тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында Ербол Хамитов пара шаңғы жарысында 2:42.45 уақыт нәтижесімен мәре сызығын үшінші болып кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Дәл осы дисциплинада бразилиялық Вестемайер Рибера Кристиан (2:42.06) чемпион атанса, украиндық Баль Павло (2:45.93) күміс медальға қол жеткізді.  

Айта кетсек, жуырда параспортшы пара шаңғы жарысынан әлем кубогында 10 км қашықтықты 27:30,3 уақыт нәтижесімен бағындырып, екінші орынға ие болды.

Аталмыш чемпионат 2026 жылы Милан-Кортинада өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына рейтингтік жарыс болып табылады.