Ерасыл Қажыбаев дзюдодан Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Әзербайжанның Баку қаласында өткен Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.
Қола медаль үшін болған белдесуде Қажыбаев грузиялық Саба Инанейшвилиден басым түсті.