Спорт

Елордалық спортшы су спортынан әлем кубогінде топ жарды

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Франция астанасы Парижде өтіп жатқан әлем кубогінің екінші кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты. Команда құрамында Астана қаласының спортшысы Эдуард Ким өнер көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Техникалық бағдарламада қазақстандық дуэт (Эдуард Ким/Наргиза Болатова) 216.3250 балл алды.

Одан кейінгі сатыға Италия құрамасы (Филиппо Пелати/Сара Мария Ризеа) 207.5367 ұпайға ие болса, Испания құрамасы (Жорди Касирес Иглесиас/Жудиз Калво Реквена) 198.8417 балл еншіледі.

Естеріңізге салсақ, бір ай бұрын Қытайдағы алғашқы әлем кубогінің кезеңінде Эдуард Ким мен Наргиза Болатова күміс жүлдегер атанған болатын.

-->