Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды
Астаналық оқушы Аланна Берікқызы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.
Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы шахматтан (U8-U12) Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанып, еліміздің көк байрағын желбіретті.
Айта кетейік, өткен жылы Аланна Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атағына ие болған.